• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 13:06

Астанада Нұржол бульвары учаскелері уақытша жабылады

10 рет
көрсетілді

Бас шаһардың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстарды жалғастыруына байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына көлік қозғалысы уақытша шектелетіні хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

 

Сол орайда шілденің 3-4 күндері әуелі Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, содан кейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс кезең-кезеңімен жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.