2025 жылғы 2 шілдеде Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында қайғылы жағдай тіркелген. 13 жастағы жасөспірімнің мәйітін туыстары жазғы асүйден тапқан. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. Жасөспірімнің өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.
«Қайтыс болу дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар нәтижесінде нақты қорытынды берілетін болады», делінген хабарламада.
Кейбір бейресми мәліметтерде баланың улы газ немесе токсинді буға улануы мүмкін деген болжамдар айтылған. Дегенмен бұл ақпараттар ресми түрде расталмаған.
Қазіргі таңда құзырлы органдар жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.