• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм 03 Шілде, 2025

Туристік жолдамалардың құны қымбаттады

30 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар үшін демалысқа шығу бұрынғыдан да қымбатқа түсіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, туристік жолдамалардың бағасы бір жыл ішінде орта есеппен 48%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сырт елдерге бағытталған турпакеттердің ішінде Түркия көш бастап тұр, демалыс құны 58%-ға артқан. Күн сәулесіне қыздырыну үшін жиі таңдалатын Дубайға сапарлар тіпті одан да қымбат: Біріккен Араб Әмірліктеріндегі турлар 68%-ға қымбаттап, рекордтық өсім көрсетіп отыр.

Ішкі туризм де бұл өзгерістен тыс қалған жоқ. Қазақстан аумағындағы демалыс үйлері мен санаторийлерге жолдамалар 15%-ға өскен. Аймақтар арасында бағаның ең қатты өсуі Алматы қаласында тіркеліп отыр. Мұнда туристік қызметтер 41%-ға қымбаттаған. Ал Астана бұл көрсеткіш бойынша ерекшеленіп отыр, мұнда баға өзгеріссіз қалған.