• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 16:42

Боксшы Серік Теміржанов Әлем кубогінің ширек финалында жеңіліп қалды

10 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Серік Теміржанов Астанадағы Әлем кубогы кезеңінің 1/4 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында жапониялық Шунсуке Китамотомен жұдырықтасты.

Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Жапония өкілі жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Осылайша, Серік Теміржанов Әлем кубогын медальсіз аяқтады.