• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:30

Танымал рэп орындаушысы Drake қазақстандық әншінің әнін ұрлаған

30 рет
көрсетілді

Қазақстандық әнші Мерей Айымбетова (сахнадағы есімі – Merey) өзінің Instagram сторисінде 2023 жылы жарық көрген «Ұйқы ханшайымы» әні мен Дрейк, PARTYNEXTDOOR және Yebba бірігіп шығарған жаңа «Die Trying» трегінің әуенін салыстырды. Оның айтуынша, екі әннің мелодиясы бір-біріне тым ұқсас, деп жазады Egemen.kz. 

Ресми түрде ешқандай арыз берілмесе де, Мерей бұл қарапайым сәйкестік емес, нақты көшірме деп отыр.

Дрейкке қатысты мұндай даулар бұрын да болған. Оны бірнеше рет өзге орындаушылардың стилін, музыкалық бағытын рұқсатсыз қолданды деп айыптаған. Мәселен, XXXTentacion-нан флоу, британ әртістерден стиль, африкалық орындаушылардан саунд алғаны туралы көп айтылған.

Ал, еліміздің жас таланты, әнші MEREY – Шымкент қаласының тумасы. Оның музыкалық білімі болмаса да, өзін-өзі үйреткен өнерпаз. Жас орындаушы әндерінің әуені мен сөзін өзі жазады.