• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

«Tańba» клубының отырысында қазақ геральдикасының даму жолдары талқыланды

20 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық музейінде «Геральдикалық зерттеулер орталығы» жанынан құрылған «Tańba» ғылыми-әдістемелік клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Іс-шараға министрлік өкілдері, белгілі тарихшылар мен геральдика саласының мамандары, зерттеушілер мен түрлі сала сарапшылары қатысты.

Клуб жұмысының негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді зерттеу, оларды насихаттау және осы бағыттағы ғылыми-тәжірибелік мәселелерді саралау.

Отырыста мемлекеттік рәміздердің елдік сана мен ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызы, геральдикалық саясаттың ғылыми негізделуі қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, қазақ геральдикасының даму бағыттары мен заманауи талаптарға сай жетілдіру жолдары кеңінен талқыланды.

Қатысушылар мемлекеттік рәміздерді насихаттауда цифрлық медиа құралдарын тиімді пайдалану, оқулықтар мен танымдық материалдарда геральдикалық тақырыпты кеңінен қамту, сондай-ақ ведомстволық наградалар мен өңірлік нышандар жүйесін біріздендіру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, жастар арасында рәміздерге деген құрметті арттырудың жолдары, саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру және халықаралық тәжірибені енгізу мәселелері де қозғалды.