• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Есірткі Бүгін, 13:20

ІІМ 35 мың «мефедрон» дозасының таралуына жол бермеді

10 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша жүргізілген арнайы операция нәтижесінде Қарасай ауданының «Тұрар бақшасы» елдімекенінде жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.

ІІМ мәліметінше, Шу қаласынан Алматы облысына «бақыланатын жеткізу» әдісімен жүргізілген шара барысында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық схеманы көрші елдің екі азаматы ұйымдастырған. Жедел іс-шаралар кезінде заңсыз айналымнан 11 келіден астам «мефедрон» тәркіленіп, айналымға шамамен 35 мың бір реттік дозаның түсуіне жол берілмеді. Олардың қара нарықтағы құны 1,6 млн АҚШ долларын құрайды.

Зертханаға жүргізілген тінту кезінде 20 литр және 115 кг психотроптық зат, сондай-ақ екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған. Қылмыстық ортаға келтірілген залал көлемі 17,5 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірханның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.