Жол бөлігінің жабылуы – Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жалғасуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сол орайда осы айдың 7-12 күндері аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңмен жабылады. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», деп хабарланды қала әкімдігінен.