• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 00:59

Алдағы үш күнде аптап ыстық болады: синоптиктер ескерту жасады

20 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК 10, 11 және 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, батыста аптап ыстық болады. Еліміздің батысында жоғары қысым өрісінің әсерінен ауа райы ыстық және шуақты болады, ал Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Еліміздің орталығында, 10-11 шілдеде оңтүстік-шығыста, 11-12 шілдеде еліміздің солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы.

Күндіз республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында 40-44 градус қатты ыстық болады. Солтүстік өңірде күндіз температура 22-27-ден 17-23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Шығыста температураның негізгі фоны - 20-28 градус ыстық. Оңтүстікте сынап бағаны біртіндеп 25-37-ден 38-43 градусқа дейін көтеріледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз сынап бағандары 25-30 градусқа дейін жетеді.