Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов беделді «Уимблдон» турнирінің жасөспірімдер арасындағы бәсекесінің жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетіп жатыр. Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен кездесті. 1 сағат 24 минутқа созылған матч қазақстандық-ресейлік жұп пайдасына 6:4, 7:6 есебі тіркелді.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, жартылай финалда Омарханов-Плешивцев турнирдің төртінші нөмірлі жұбы - финляндиялық теннисші Оскари Палданиус пен Польша өкілі Алан Важнымен шеберлік байқасады.