• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:30

Ұлан сарбаздары 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстаған

10 рет
көрсетілді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қатысуымен 828 грамм есірткі заты табылған және заңсыз айналымнан 173 дана суық және атыс қаруы, оқ-дәрі тәркіленген. Бұл – осы жылдың алғашқы алты айы бойынша мәлімет, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық ұлан сарбаздарының көмегімен 73 із-түссіз жоғалған бала табылып, отбасыларына табысталған және 24 өртті сөндіру және адамдарды құтқару оқиғасы тіркелді. Әскери қызметшілер түрлі жағдайда болған 32 адамға дер кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен және 54 жоғалған зат пен 113 ұялы телефонды иелеріне қайтарып берген.

Ұландықтар 343 мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларда қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз еткен, сол орайда батылдық пен жанқиярлық танытқан 190 әскери қызметші түрлі марапаттарға ие болған. Сонымен қатар, ұлан сарбаздары одан бөлек 35 іздестіру жұмысына қатысқан.

Ұлттық ұланның мәліметінше жыл басынан бері тыйым салынған заттарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына өткізуге қатысты 77 әрекеттің жолы кесіліп, осыған байланысты 55 адам ұсталған. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзған 9 919 азамат (оның ішінде 379 адам – қылмыс жасады деген күдікпен) ішкі істер органдарына жеткізілген.

Құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы полициямен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Бұл міндетті орындауға күн сайын 8 мыңнан астам ұландық атсалысады.