Қарағанды облысы, Приозерск қаласындағы Балқаш көлінде құтқарушылар 1995 жылы туған әйелге көмек көрсетті. Ол қатты ағысқа қарсы жүзе алмай, жағалауға жете алмай қалған. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
— Әйелді ағыс алып кеткен. Құтқару шеңберіне жетуге тырысқан, алайда ағысқа қарсы жүзуге шамасы жетпей, қалып қойған. Құтқарушылар дереу әрекет етіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді, — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда жағдайы тұрақты. Оған медициналық тексеру мен қажетті көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді.