• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 10:03

Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті

30 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Маралсай шатқалында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында механикаландырылған патрульдік бағытта жүрген 28237 ТЖМ әскери бөлімінің қызметшілері құтқару операциясын жүргізді», - деп жазылған хабарламада.

Көмекке мұқтаж адам патруль кезінде анықталған. Белгілі болғандай, 1986 жылы туған әйел абайсызда жардан құлап кеткен және өз бетінше шығуға мүмкіндігі болмаған.

Кезекші нарядтың күшімен зардап шеккен адам қиын жететін жерден тез арада шығарылып, келген жедел жәрдем бригадасына табысталды.

«Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды», - дейді ведомство.