• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 07:30

Робот ота жасады

20 рет
көрсетілді

Робот алғаш рет өз бетінше өт қабын алу отасын жасады.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің ғалымдары жасаған ерекше робот-хирург адамға ұқсас модельге өт қабын алып тастау операциясын өздігінен жасады. Жаңа жүйенің атауы «SRT-H». Ол бұрынғы хирургиялық роботтар сияқты бұйрықпен ғана жұмыс істемей, өзі жағдайды түсініп, бейімделе алады. Мысалы, операция кезінде дауыс арқылы берілген нұсқауларды орындайды, күтпеген жағдай бола қалса, соған сәйкес шешім қабылдай алады.