• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:10

Алқап күні аясында

10 рет
көрсетілді

Аграрлы аймақта егінді әртараптандыру жүйелі жүріп жатыр. Биыл қант қызылшасы азайып, басқа майлы дақылдар көбірек себілді. Әсіресе зығыр, үрмебұршақ пен рапстың неміс сорттарына басымдық берілді.

Ескелді ауданында ата­лып өткен Алқап күнінде сөз алған об­лыстық ауыл шаруашылы­ғы басқармасының басшысы Нұр­дәулет Кененбаев­тың айтуынша, бұл дақылдар фермерлерге экономикалық тұрғыдан тиімді. Сонымен қатар су үнемдеуге мүмкін­дік беретін суарудың дискрет­ті әдісі ұсынылып отыр­­ған кө­рінеді. Шараны ұйыс­­ты­­руға мұрындық бол­ған «Дүй­сембинов А.К.» шаруа қожа­лығының жетек­шісі Айдын Дүйсембиновтің сөзін­ше, аталған майлы дақыл­дар жер­гілікті климатқа бейім әрі өнім­ділігі жоғары дейді. Ша­руа қожалығы қазір 4 ша­руа­­шылықты бі­­ріктіріп, 50 ауыл ша­­­руа­­­шылығы техникасын пай­­да­­ланып, 50 адамды тұ­­рақ­ты жұ­мыспен қамтып отыр.

Алқап күні аясында фермерлер, ауыл шаруашылы­ғы саласының сарапшылары және техника өндіруші компаниялар арасында тікелей пікір алмасуға мүмкіндік туды. Қатысушылар суды тиімді пайдалану, дақыл өнімділігін арттыру, техника паркін жаңарту, сондай-ақ ғылым мен бизнестің өзара ынтымақтастығы тақы­рыптарында өзара тәжірибе бөлісті. Жиын барысында Көксу ауданынан келген ша­руа­лардың көл-көсір еңбегі де еленбей қалған жоқ. Көксу жұрты биыл да жерді иітіп, дән сеуіп, тіршілік тамырына қан жүгіртті. Ауданда 31 382 гектарға ауыл шаруашы­лы­ғы да­қылдары егілген. Дәнді дақыл­дар – 10 500 гектарға, май­лы дақылдар 11 478 гек­тарға егілген. Майбұршақ пен күн­бағыс та жайқалып тұр. 1 822 гектар алқапқа қант қы­зыл­шасы егілген.

«Қант қызылшасы мен майбұршақ, Балпық бидің теріскейінде жайқалған бидай және Лабасыдағы жүге­рі алқаптары жіті назарда. Бү­гінде аграрлық сала – ескіше қара кетпенмен емес, тың тәсіл, жаңа үлгімен жүзеге асырылатын күрделі жүйе. Суару, тыңайтқыш беру, зиянкеске қарсы шаралар сынды агротехникалық талаптарды қатаң сақтау керек. Бұл берекелі өнімнің алғышарты екенін ұмытпаған жөн», дейді аудан әкімі Дәулет Халелов.

Бү­гінде Қабанбай ауылында қызу тірлік. Жер бауырын шаңдатқан соқалар мен дән сепкіш техникалардың гүрілі көңілге сенім ұяла­тады. «Көктемнің бір күні жылға азық» деп сенетін диқандардың қимылы ши­рақ. Сол қатарда Машен Бай­за­қовтың егіс алқабына да соқа тісі тигелі біраз болған. Көктемгі мамыражай күнмен бірге қарбалас жұмыс бір тоқтаған емес. Өйткені биыл шаруашылықтың егіс көлемі артып, жұмыс ауқымы ұлғая түскен екен.

«350 гектар жерді құрай­тын егіс алқабымыз суармалы және тәлімді болып бө­лінеді. Оның 150 гектарына қант қызылшасын, 200 гектарына май бұршақ себуді жоспарладық. Техника, тұқым, тыңайтқыш пен дәрі-дәрмек қорымыз жеткілікті. Көктемгі егіс науқанына қажетті техникалар толық жөнделген. Егіс жұмысын ертерек аяқтай­мыз деген сенімдеміз», дейді шаруашылық басшысы.

 

Жетісу облысы