Британдық «Bo» компаниясы әлемдегі ең жылдам электрскутерді таныстырды. Ол сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүйтки алады.
Құрылғының авторлары тамыз айында өтетін «Bonneville Speed Week» іс-шарасына қатысып, Гиннестің рекордын жаңартуды жоспарлап отыр. Компанияның бас директоры Оскар Морганның айтуынша, адамдардың микромобильге қызығушылығын арттыру үшін әсерлі әрі мәнді дүниелер жасау керек. Осындай құрылғылар арқылы көліктің экологиялық және икемді баламаларына деген сенім арта түседі.