Қызылжардың кіреберісіне ерекше ескерткіш орнады. Қаланың оңтүстік бекеті жағынан орын тепкен өнер туындысы алты мың жыл бұрын алғаш жылқыны Ұлы даланың осы тұсында қолға үйреткенін әйгілейді.
Аспанға қарғыған арғымаққа шалма тастап тоқтатқан көшпелілер өнері даламызда әлі күнге жалғасып келе жатқанын мақтанышпен айтамыз. Мынау соны бейнелеп тұр. Асауға шалма тастау асқан қабілетті көрсетеді. Ботай қонысы маңында жылқыға тұңғыш құрық салып, үйреткен бабаларымызға қойылған бұл ескерткіш қай жағынан болсын сәтті шыққан. Тарихи әрі танымдық тұрғыдан да келісті-ақ. Асауға құрық салған көшпелі ұрпағының арқанды белге орап, қазықтай қатып тұрғанының өзі – бірегей мәдениет. Жылқыны тұңғыш мініп, әлемді тануға алғаш жол салғам деп қаздия қалғандай. Атқа мінгенде тұяқ астында дөңгелеп қалатын қара жердің шар тәрізді бейнесі де ұмытылмапты. Жылқы, адам, жер, төбесін аспан ғана тұта алады... Ғанибетін де атқа мінгендер сезеді. Қайырлы болсын!