• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс Бүгін, 10:12

Шикізат бағытынан кету: Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің үлесі өсуде

30 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында экономиканың негізгі секторларының экономикалық көрсеткіштері қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,5%-ға өскен. Бұл өсім машина жасаудағы өндірісті - 11,1%-ға, тамақ өнімдерін – 10%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін – 9,6%-ға, металл бұйымдарын – 14,6%-ға, құрылыс материалдарын – 8,6%-ға және химия өнеркәсібі өнімдерін – 7%-ға арттыру есебінен тіркелген.Жоғары өсу қарқынын тау-кен өнеркәсібі сақтап отыр (+8,4%). Бұл мұнай өндірудің 11,6%-ға және көмір өндірудің 11,7%-ға артуына байланысты. Сонымен қатар құрылыстың өсу қарқыны 18,4%-ға дейін жеделдеді. Жартыжылдықта 7,9 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілген, саладағы өсім өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,6%-ға артық.