• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кәсіпкер Кеше

«Almaty Business – 2025» бағдарламасы 750-дей жобаны жарылқады

30 рет
көрсетілді

Егер 2025 жылдың алты айдағы жұмысына көз жүгіртетін болсақ, «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес компаниялары «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында 4,7 млрд теңгеге 44 жобаны қаржыландырып, бұл 320 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген. «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын Алматы қаласының мәслихаты 2019 жылы бекіткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы арқылы өнеркәсіптік өндіріс, қайта өңдеу, медицина, білім беру, туризм, креативті экономика, спорт пен әлеуметтік кәсіпкерлік салаларындағы кәсіпкерлер қаржылай қолдау алған. Бүгін бағдарлама 2019 жылы іске қосылған сәттен бастап 2025 жылдың шілдесіне дейін жалпы сомасы 38,3 млрд теңгеге 750 жоба қаржыландырды деген ресми дерек тарады.

Несиенің ең көп бөлігі өндіріс және қайта өңдеу (45%), әлеуметтік кәсіпкерлік (21%), туризм (17%), денсаулық сақтау (11%), креативті индустрия (6%) және шағын өнеркәсіп парктерін салу (1%) салаларындағы кәсіпорындарға берілді. Аумақтық бөліністегі көшбасшыларға келсек, Бостандық ауданындағы қаржыландырылған бастама – 147, Алатау ауданы – 119, Алмалы ауданы – 87, Әуезов ауданы – 84, Медеу ауданы – 83, Наурызбай ауданы – 65, Түрксіб ауданы – 53 және Жетісу ауданы – 50 болды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 5 276 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Almaty Finance» басқарма төрағасы Берік Құсайыновтың айтуынша, револьверлік-қайтару тетіктің арқасында бюджеттен бөлінген 25,6 млрд теңге жалпы сомасы 38,3 млрд теңгеге бизнесті жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз еткен. Бағдарлама өз жұмысын жалғастырады әрі Алматы кәсіпкерлерін қолдаудың тиімді құралы болып тұр. «Almaty Business – 2025» шеңберінде қаржыландыруға өнеркәсіптік, инновациялық, экспортқа бағдарланған бастамалар, креативті индустриялар, әлеуметтік кәсіпкерлік, шағын өндірістік бизнес жобалары, сондай-ақ АЭА және индустриялық аймақ аумағындағы бизнес-бастамалар жатады.