• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Қазақстандағы ерлердің үштен бірі темекі тартады - статистика

20 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қаңтарда ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауалнама республиканың барлық өңірі мен үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентте өткізіліп, оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір мүшесі қатысты.

Нәтижелері:

Халықтың 17,5%-ы темекі шегеді (2024 жылы – 20,7%); Ауылдық жерлерде – 19,1%, қалаларда – 16,7%; Темекі тартушылардың 93,8%-ы өнеркәсіптік дайын өнімді пайдаланады; Ер адамдар арасында темекі шегу көрсеткіші – 34%, әйелдер арасында – 5%.

Ұлттық статистика бюросы бұл зерттеуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) GATS халықаралық әдістемесі негізінде 2020 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіп келеді.