• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:30

«Aiman» аспаз

30 рет
көрсетілді

Қыркүйекте Дубайда жасанды ­интеллект жасаған мәзірмен жұ­мыс істейтін «Woohoo» мейрамханасы ашылады. Ол «Burj Khalifa» мұнарасынан 300 метр жерде ­орналасады.

Мәзірдің авторы – «Aiman» атты жасанды интеллект. Жүйені «Gastronaut» компаниясының негізін қалаушы Ахмет Ойтун Чакыр әзірлеген. «Aiman» бас аспаз болғанымен, тағамдарды өзі пісір­мейді, ингредиенттердің қышқылдығы, құрылымы, дәмі сияқты параметрлерді талдай отырып, молекулалық гастрономия негізінде жаңа мәзір жасайды.