• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 09:11

Халиги аралдары

30 рет
көрсетілді

Германия мен Дания арасындағы солтүстік жағалауда күн сайын теңіз астына батып, қайтадан пайда болатын халлиги деп аталатын аралдар бар. Бұл – табиғаттың тылсым ырғағымен өмір сүретін сирек мекендер. Сол халлигилердің бірі – Нордштрандишмор аралы.

Аралды материкпен жалғап тұрған ерекше теміржол бар. Жолдың ұзындығы небәрі 3,5 шақырым. Ол ашық теңіз үстіне салынған. Көтерілмелі толқын келгенде жолды су басып, қатынас үзіледі. Бірақ су қайтқан соң, жол қайтадан пайда болады. Қызығы, бұл жолда адамдар өз вагонеткаларымен ғана жүреді. Оларды жүргізуге 15 жастан бастап рұқсат етіледі. Жергілікті тұрғындар үшін бұл – кәдімгі күнделікті көлік.