• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мектеп Кеше

ҚазТест балдарын ҰБТ-да пайдалануға болады

40 рет
көрсетілді

ҚазТест балдарын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) балдарына ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министрліктің ресми хабарламасында: «Құрметті талапкерлер! Егер сіз ҰБТ-да бейіндік пән ретінде қазақ тілін таңдасаңыз және ҚазТест тапсырған болсаңыз, енді сізде керемет мүмкіндік бар – ҚазТест нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыруға болады», делінген.

ҚазТест балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

ҚазТест сертификаты балын «Қазақ тілі» пәні бойынша ҰБТ балына ауыстыру шкаласы төмендегідей:

✔ ҚазТест бойынша В1 деңгейі = ҰБТ бойынша 42 балл;

✔ ҚазТест бойынша В2 балл = ҰБТ бойынша 46 балл;

✔ ҚазТест бойынша С1 балл = ҰБТ бойынша 50 балл.

Бұл жоғары оқу орнына түсуді жеңілдетіп қана қоймай, жастардың тілдік сауаттылығын дамытуға, мемлекеттік тілді жетік меңгеруге деген ұмтылысын қолдауға бағытталған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2025 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.