• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 13:13

Карта берсеңіз түрмеге түсесіз

20 рет
көрсетілді

Елімізде банк картасын немесе шотқа қолжетімділікті үшінші тұлғаға беруге қатаң тыйым салынды. Тиісті заңға Президент қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Картаны басқаға берсе, түрмеге түсуі мүмкін

Мұндай әрекет – дропперлік деп аталады. Көп жағдайда азаматтар өз карталарын ақша үшін бөтен адамдарға береді. Ал бұл алаяқтық схемалардың, ақшаны жылыстатудың негізгі құралына айналған.

Енді Қылмыстық кодекске арнайы бап енгізілді. Банктік шотқа, картаға немесе сәйкестендіру құралына заңсыз қолжетімділік беруге, сатып алуға және пайдалануға қылмыстық жаза қарастырылған.

Жаза қандай болады

 Картаны ақылы түрде беру: 160 АЕК-ке дейін айыппұл, түзету жұмыстары, 50 тәулікке дейін қамау, мүлкі тәркіленуі мүмкін.– Айтарлықтай сыйақы алса: 3000 АЕК-ке дейін айыппұл, 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу.– Ірі көлемдегі сыйақы үшін: 4000 АЕК-ке дейін айыппұл, 3 жылға дейін түрме, мүлкі тәркіленеді.– Ал заңсыз төлем немесе аударым жасағандар 5 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Егер адам мұндай әрекетті алғаш рет жасап, өз еркімен мойындаса, жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.