«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында былтырғы жылдың ақпанынан шілдеге дейін 117 495 өтініш орындалып, 14,86 млн доллар өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға жолданған.
Кәмелет жасқа толғандардың алғашқы легі қаражатын жұмсап үлгерді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 9,20 млн доллар сомасында 71 488 өтініш орындалған. Оқу ақысын төлеу үшін 5,66 млн доллар сома 46 007 өтініш берушіге тиген. Нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаржы нысаналы жинақтау шотында қалады.
Қаражатты тұрғын үйді жақсартуға пайдаланғандардың дені жарнаны тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру үшін пайдаланған. Осы мақсатта 9 млн долларға 69 756 өтініш орындалған. Ипотекалық тұрғын үй қарызын алуды ойластырып бастапқы жарна аударуды ойлағандардың 66,52 мыңнан долларға 551 өтініш мақұлданған. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) жалпы сомасы 49,84 мың доллар 436 өтініш берушіге тиген.
Бағдарламаға сәйкес, Ұлттық қор инвестициялық табысының 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы, одан кейін туған, 18 жасқа толмаған ел азаматтарына бөлінеді. 2023 жылы барлық нысаналы жинақтарды алушыларға 100,52 доллар, былтыр 129,38 доллар тиді. 2006 жылы туғандарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат алған балаларға биыл 3,04 доллары мөлшерінде инвестициялық табыс есептелген. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинақтары 100,52 доллар, 2007 жылы туған баланың жинағы 232,94 долларды құрайды.