• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:36

Атырауда ескерткіштің астында қалған жасөспірімнің өліміне кінәлі сотталды

40 рет
көрсетілді

Атырауда 2024 жылғы маусымда бір отбасындағы екі баланың үстіне ескерткіш құлаған еді. Соның салдарынан 7 жасар қыз ауруханада көз жұмды. Ал 9 жасар ұлдың қолы сынды. Жергілікті полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс Атырау қаласындағы № 2 сотта қаралды. Ескерткішті орнатқан Б.-ға Қылмыстық кодектің 306-бабының 3-бөлігімен айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әкімдік Атырау қаласындағы «Жеңіс» саябағында ҰОС батырларына арналған 14 мүсін жасау үшін демеушілер мен мердігерлерді тартқан. Айыпталушы мердігер бола тұра мүсіндер жасау кезінде құрылыс нормаларын бұзған. Нәтижесінде мүсіннің біреуі екі жас бала мен олардың әкесінің үстіне құлаған», деп ақпарат таратты соттан.

Сот айыпталушының әрекетін Қылмыстық кодектің 279-бабының 1-бөлігімен (Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу) қайта саралады. Ал айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, сарапшының қорытындысымен дәлелденген.Прокурор айыпталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды. Ал, сотталушы кінәсін мойындамады. Жәбірленуші тарап айыпталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

«Сот үкімімен Б. есімді азамат Қылмыстық кодектің 279-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен айналысу құқығынан 3 жыл, бас бостандығын 3 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды. Рақымшылық жасау актісі негізінде 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза белгіленді. Сотталушыдан әрбір жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 10 млн теңгеден, емделуге жұмсалған шығындар өндіріп алынды», деп мәлімдеді аталған соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.