• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 17:55

Тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

10 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаменті «ҚазМұнайГаз Инвест» деп аталатын тағы бір қаржы пирамидасының заңсыз қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдіктілер азаматтардың сеніміне кіріп, олардың қаражаттарын өз мақсаттарына пайдалану үшін арнайы алаяқтық схема әзірлеген. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы мол және жылдам табыс табуға болатынын айтып, салымшыларға уәдені үйіп-төккен. Яғни күдіктілер салымшыларға әр 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтып, оларды әбден алдаған.

Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден басталған. Нәтижесінде шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерге күдіктілер Түркістан облысында жалпы құны 438 млн теңгеден асатын мүлік — екі қымбат көлік («Tank 500», «BMW X5»), тұрғын үй мен коммерциялық нысан (мейрамхана) сатып алған. Сонымен бірге алаяқтар бұл мүліктерді тәркілеуден жасыру үшін туыстарының атына рәсімдеп үлгерген.

Бүгінгі таңда сот санкциясымен аталған мүліктерге тыйым салынды. Ал күдіктілер қамауға алынып, қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкент