• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс 19 Шілде, 2025

Өндіріс өркендемей, өріс кеңеймейді

60 рет
көрсетілді

Еліміз осы жылдың 4 айында 6 пайыздық өсім көрсетті. Бұл – кейінгі 12 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Шымкент қаласының үлесі қандай? Мегаполисте қан­дай инновациялық жобалар бар? Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, сарапшы Талғат Ысқақовтың айтуынша, үшінші мегаполис кейінгі жылдары жоғары қарқынмен дамып келеді, әсіресе құрылыс саласында ілгерілеу басым.

«Көпқабатты үйлер құры­лы­сының қарқыны жоғары. Шымсити, Тұран, Бозарық жаңа шағын аудандары пайда болды. Шаһарда индустриалды аймақ пен көлік-логис­ти­калық орталықтардың кө­беюі инфрақұрылымдық мүм­кін­діктерді де күшейтті. Жол­ салу, газдандыру, ауызсу тарту, бас­қа да инженерлік-ком­му­­­ни­ка­циялық жүйелер шеткі елді ме­кендерге дейін апарылды», дейді сарапшы.

Сондай-ақ арнайы эко­но­микалық аймақ сан алуан кәсіптің дамуына сүбелі үлес қосып отыр.

«Шымкентте өндірістік алаңдардың даму қарқыны өте жоғары. Мәселен, кілем тоқу фабрикасы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын­да орналасқан. «Оңтүстік» АЭА жеңіл өнеркәсіп саласына арнап құрылған. Одан бөлек, «Тассай», «Ордабасы», «Жұлдыз» атты бас­қа да индустриалды аймақтар бар. Ол жерде сапалы, жақсы өнім­дер шығарылады. Шыны, алюминийден жасалатын ыдыс­тар, керамогранит бұйымдар, жиһаздар, дәрі-дәрмек пен ме­дициналық құрылғылар өнді­ріледі. Жеңіл өнеркәсіпте кілем­мен бірге шұлық, сүлгі, төсектік орын жамылғы­ла­ры тоқылады. Өнеркәсіп­тегі негізгі мақсат – өнімді то­лық­тай өзіміз жасап, көбірек шетелге экспорттау. Оның ішінде, ұлттық сусын­дардың да экспортын жолға қою қажет. Қала экономикасына жергілікті және шетелдік инвес­торлар бірдей қаржы құйып жатыр. Бұл мегаполис әлеуеті­нің артуына зор мүмкіндік. Өнідіріс дамымай, экономика алға жыл­­жымайды. Сол үшін қала әкімдігі отандық, шетелдік ин­вес­тициялық ком­­паниялар­ға бірдей ашық. Инвес­торларға мемлекет тара­пынан жақсы жағдай жасал­ған. Индустриалды аймақ­тан, көлік-логистикалық орта­лығынан жер телімдері бері­леді, кәсіпорын аумағына дейін инфрақұрылымдық жүйе­лер мемлекет есебінен тегін тартылады, коммуналдық қызмет түрлеріне арнайы тариф белгіленген, салық бо­йынша да көптеген жеңілдік бар. Сондықтан Шымкентті кәсіпкерлердің бизнесін дамы­туға өте қолайлы қала деуге болады», деді Т.Ысқақов.