• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Тау бөктерінен заңсыз нысандар сүрілді

10 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары Алматыда заңды белінен басып, құжатсыз, рұқсатсыз салынған үйлер мен ғимараттар кезегімен сүріліп жатқаны көпшілікке мәлім. Енді міне, сот шешімімен «Таулы Қырат» ӨК 2767 және 2768 учаскеде құрылысы аяқталмаған екі үй бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеке меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз тау бөктерінде үй салған екен. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары кезінде аталған аумақтарға жол салу үшін тау бөктерінің етегі кесіліп, экожүйеге зиян келтірілген.

Басқарма жер учаскелерін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама беріп, меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдаған. Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, басқарма сотқа мәжбүрлеп бұзу туралы талап-арыз берген.

2024 жылы 17 қазанда Медеу аудандық соты талап-арызды қанағаттандырып, сот қаулысы Алматы қаласының әділет департаментіне орындауға жіберілген.

Сот шешімінің пәрменімен меншік иесі заңсыз нысандарды жуырда өзі бұзып тастады.