• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 11:40

Алматылық дизайнер жасаған киіз үй халықаралық байқауда үздік атанды

30 рет
көрсетілді

Биыл Design Educates Awards 2025 халықаралық сыйлығының «Architectural Design» аталымында замануи үлгіде жасалған қазақтың киіз үйі ерекше жұмыстардың қатарында аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпы ауданы 25 шаршы метрді құрайтын қазақ үй ас ішу, жатын орындары, жұмыс істеу және гигиналық бөлмесінен тұрады. Жиналмалы жиһаздар бір сәтте үйдің ішіне сән беріп тұрса, қажет жағдайда жинастырып, бос кеңістікті барынша пайдалануға болады.

Заманауи технологиялармен жабдықталған қазақ үйде суды биологиялық тазарту жүйесі қондырылған. Қозғалмалы телескоптық панельдер арқылы  ауа райының құбылмалы кезінде қарай үйдің қабырғасы мен төбесін ашып, жабуға болады.

Күн батареялары 5,3 квт энергия таратады.  Нәтижесінде тұрмыстық техникаларды тиімді пайдалануға болады.

Ұйымдастырушылар бұл жобаның мәдени құндылығы жоғары екенін айтады. Қазақ үйді заманауи жағдайда жабдықтау архитектуралық жобалардың үздігі  болумен қатар, ұлттық дәстүр мен заманауи идеялардың ерекше үйлесімін айшықтап тұр.

Алматы