Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында жәбірленуші Садық Олжас мәлімдеме жасап, айыпталушыға Газа секторындағы тұрғындарға көмек көрсету үшін 83 миллион теңге бергенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, ол Перизат Қайратпен бірге Абу-Дабиге барып, қаржылық есепті ашық түрде алуға үміттенген. Алайда, ешқандай ашықтық болмаған, есеп те берілмеген.
«Біздің азаматтық талабымыз бен прокурорлардың ұсыныстарын қолдауларыңызды сұраймын. Бірақ бір ғана адамға қатысты ерекше пікірім бар — ол Ғайни Алашбаева. Оған шын жүректен жаным ашиды. Денсаулығында мәселелер бар. Мүмкін, оны үйқамақта қалдыру жөн болар», деді Садық Олжас соттағы жарыссөз барысында.
Естеріңізге сала кетейік, прокурор Перизат Қайратты 10 жыл бас бостандығынан айыруды, ал оның анасына — 8 жыл жаза тағайындауды сұрады.