Осы жылдың 22 шілдесінде Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің ресми ресурсында Өзбекстан мен Қазақстан арасында киікті сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға дайындық жүріп жатқаны туралы хабарланған, деп жазады Egemen.kz.
Осы мәселеге Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді. Министрлік мәліметінше, ұсынылған меморандум қазір қаралу сатысында тұр.
«Бұл мәселенің табиғатты қорғаудағы маңыздылығын ескере отырып, Меморандумның мазмұны екі елдің жауапты ғылыми мекемелері мен уәкілетті мемлекеттік органдарын тарта отырып, пысықтауды талап ететінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, жануарларды беру, сондай-ақ меморандум жасасу мәселелері мемлекетаралық санатқа жатады және тиісті деңгейде шешім қабылдауды талап етеді», делінген ведомство хабарламасында.