• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Кеше

Медициналық қызмет тарифтерінің өсуі емделу құнына әсер етпейді - министрлік

40 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында халық үшін емдеу құны өседі деген мазмұндағы жаңалықтарға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік таратылған ақпараттың бұрмаланғанын атап өтті. Ведомствоның мәлімдеуінше, медициналық қызметтер тарифі бұл мемлекет бекіткен сома, яғни емханалар мен ауруханалар сияқты медициналық ұйымдарға науқастарды емдегені үшін төленетін қаражат. Бұл төлемдер Медициналық сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады.

«Мәселен, егер азамат медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы немесе мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек (ТМККК) аясында алса, ол ешқандай төлем жасамайды. Алайда бұл қызмет үшін Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымға бекітілген тариф бойынша ақы төлейді», делінген хабарламада.

Осыған байланысты министрлік тарифтің артуы халық үшін емделу бағасының өсуін білдірмейтінін нақтылады.

2025 жылғы 22 шілдеде жарияланған Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хабарламасында («Қоғамдық кеңесте медициналық сақтандыру жүйесіндегі негізгі өзгерістер талқыланды») 2026 жылдан бастап тоғыз негізгі бағыт бойынша тарифтерді көтеру жоспарланып отырғаны айтылған. Бұл тарифтер 2020 жылдан бері қайта қаралмаған және қазіргі кезде медициналық қызметтердің нақты өзіндік құнын толық жаппайды.

Хабарламада тарифтерді өзектендіру стационарлық сектордағы созылмалы қаржыландыру тапшылығын жою және медициналық қызметтердің нақты құнын өтеу мақсатында жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Сондай-ақ бұл шаралар медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және медицина қызметкерлерінің еңбегін әділ бағалау бағытында қолға алынған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі екені көрсетілген.

Министрлік атап өткендей, азаматтар үшін ТМККК мен МӘМС пакеттеріне кіретін барлық қызметтер бұрынғыша тегін болып қала береді.

 

Соңғы жаңалықтар