Күдікті бұған дейін халықаралық іздеуде болған. ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Мысыр астанасы Каир қаласында қолға түскен азамат Шымкентке жеткізілген, деп жазады Egemen.kz.
ІІМ мәліметінше, айыпталушы ер адам 2023 жылы өзгелермен сөз байласып, жәбірленушілердің атына автонесие рәсімдеп, кейіннен үшінші тұлғаларға сатып отырған. Осы қылмысқа қатысты полицияға 105 азамата шағым түсірген. Күдікті жәбірленушілерге бас-аяғы 1,5 миллиард теңге шығын келтірген.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Енді күдіктінің ісі190-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық, 262-баптың 1-бөлігі – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу, 217-баптың 1-бөлігі – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету баптары бойынша тергеледі.