• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Алдағы үш күнде нөсер жауын мен қатты жел күтіледі

40 рет
көрсетілді

Алдағы 26–28 шілде аралығында ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің үстінен өтетін циклон әсерінен көптеген өңірде бұлтты, бірақ арагідік ашық күн райы күтіледі. Көптеген аймақта найзағайлы жаңбыр жауып, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында нөсер жауын, бұршақ және дауыл болуы ықтимал.

«Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде – шаңды дауыл тұруы мүмкін», делінген жұма күні жарияланған ауа райы болжамында.

Температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Алайда шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады – кей жерлерде +42 градусқа дейін жетуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар