Алматы қаласының Медеу ауданында Кеңсай-1 аумағында тау бөктеріндегі өрт 15 гектар алаңды шарпыған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
— Жұмыстар қолда бар құралдар мен аспалы өрт сөндіргіштерді қолдана отырып жүргізілді. Оқиға орнында жеке құрамнан 50-ге жуық қызметкер және 20-дан астам техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардан су тасымалдайтын машиналар жұмылдырылды. Сәрсенбаев көшесіндегі жеке секторға өрттің таралу қаупі жойылды. Алдын ала берілген мәліметке сәйкес 15 гектар алаңды шарпыған өрт оқшауланды, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеді.