• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:00

Алқалы жиында Каспий, Арал тағдыры таразыланды

30 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен І халықаралық экологиялық конференцияда Каспий теңізінің таяздану мәселесін аймақтың негізгі сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті.

Пленарлық отырыста сөйле­ген сөзінде Олжас Бектенов экологиялық қауіпсіздік әлемдік «жасыл» күн тәртібінің бір бө­лігі ғана емес, кез келген елдің орнық­ты дамуы үшін маңызды шарт екенін айтты.

Елімізде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жүйелі түрде қабылданады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасы аясында «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асыры­лып жатыр. Бүгінде ол ауқымды эколо­­гиялық қозғалысқа және отан­дас­­тарымыздың күнделікті өмі­рі­нің ажырамас бөлшегіне айнал­­ды. Табиғатқа, туған жерге ұқы­п­ты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл бастама аясында табиғи ау­мақ­тарды, суқоймаларының жаға­лау­­­ла­рын тазарту және ағаш отыр­ғы­зу бойынша экоакциялар тұрақ­ты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Сондай-ақ Үкімет экология­лық заңнаманы жаңғыртуда, табиғат қорғау саласына озық технологияларды енгізуде, экологиялық бақылауды цифр­­ландырып жатыр. Биоа­луан­түрлілікті қорғау қоры құ­ры­луда, ерекше қорғалатын аумақ­тар желісі дамытылуда, тоғай бұғысы, құлан, арқар, қара­құйрық және қар барысы сияқты сирек кездесетін және жойы­лып бара жатқан жануарлар түрлерінің популяция­сы қалпы­на келтіріліп жатыр. Тұран жол­­барысы мен Пржевальский жыл­қысын реинтродукциялау жұ­мысы жүргізіліп жатыр.

Олжас Бектенов Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне назар аудартып, Каспий маңы мемлекеттері арасындағы аймақ­тық өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.

«2000 жылдардың басынан бері Каспий теңізі деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Осы және өзге де мәселелерді зерттеуге Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды. Ғалымдардың бол­жамдары көңіл көншітпейді. Осынау бірегей су айдынын сақтап қалу үшін барлық Каспий маңы мемлекеттерінің батыл үйлестірілген іс-қимылы қажет», деді Премьер-министр.

Су тақырыбына қатысты сөй­леген сөзінде Олжас Бектенов Арал маңындағы жағдайға да назар аударды. Бүгінде Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарады. Елімізде оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, Көкарал бөгеті нығайтылып, Сырдария сағасы қайта қалпына келтіріліп жатыр, балық саласын қолдау және бұрынғы теңіздің кеуіп қалған түбін кө­галдандыру бойынша жобалар іске асырылып жатыр.

Премьер-министр сондай-ақ мұздықтарды сақтауға бағыт­­тал­ған жұмыстардың да маңыз­­дылығын атап өтті. Сарап­­шы­­лардың болжамынша, 2100 жылға қарай Орталық Азия мұз­­дықтарының көлемі айтар­лықтай кішірейеді. Осыған бай­ланысты Қазақстан Президен­тінің бастамасымен Эр-Рияд сам­митінде мұздықтарды зерттеу және қорғау бойынша күш-жігерді біріктіретін «Су мұ­наралары серіктестігін» құру ұсынылды. Алматыда ЮНЕСКО қамқорлығымен құрылып, өңір­лік зерттеулердің жетекші платформасына айналған Ор­талық Азия өңірлік гляцио­логиялық орталық жұмыс істеп тұр.

Бұл ретте Қазақстанның суқой­­маларын реттеуден бас­тап су­ды есепке алуды авто­мат­тан­дыруға дейінгі бірлескен гидротехникалық жобаларды іске асыруға дайын екендігі атап өтілді.

Премьер-министр форум өтіп жатқан орынның символдық мәніне де назар аудартты. Алтай өлкесі – түркі өркениетінің бесігі әрі мәдени-гуманитарлық өзара әріптестіктің маңызды элементі.

Пленарлық отырысқа Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Премьер-министрі Никол Па­шинян, Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Премьер-министрі Адылбек Касыма­лиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, сондай-ақ Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нокергулы Атагулыев қатысты. Жиында Каспийдің таяздануы, мұздықтардың еруі және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерімен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында заманауи технологияларды қолда­ну, су ресурстарын басқаруға инно­вациялық шешімдерді енгізу және трансшекаралық экотуризмді дамыту жайы талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар