• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 26 Шілде, 2025

Жетісу облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

70 рет
көрсетілді

Жетісу облысы Алакөл ауданының Көкмойын шатқалында таулы жерде құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығының жеке құрамынан 90 адам және 10 техника тартылды.

- Күрделі рельефке байланысты өртті сөндіру жұмыстары әуеден де жүргізілуде. ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су төгу құрылғысымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды, - деп жазды ведомстводан.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.