• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 11:30

Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан жүз пайызға толды

40 рет
көрсетілді

Аталған елден биылғы жылдың алғашқы алты айында Ертіс өзені арқылы (4,6) және Іле өзені арқылы (5,6),  барлығы 10,2 млрд текше метр су келіп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Іле өзені арқылы келген судың Қапшағай су қоймасын (Алматы облысы) екінші жыл қатарынан 100 пайыз толтыруы – өз кезегінде Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде жыл басынан бері Балқаштың су деңгейі орта есеппен 341,55 метрден 341,87 метрге дейін көтерілді.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қытаймен және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасының басшысы Нағима Әжіғұлованың айтуынша, ҚХР-мен ынтымақтастық трансшекаралық өзендерді ғана қамтымайды. Биыл наурыз айында Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Аталған құжатта ресурстарды тиімді әрі тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен бірлесіп кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастықты нығайту көзделген», деді Н.Әжіғұлова.