Германия үкіметі босқындарға арналған ерекше әлеуметтік қолдауды шектеуге кірісті. Атап айтқанда, 2025 жылғы 28 шілдеден бастап Берлинде босқындардың Сирия, Ауғанстан және Ирактағы туыстарын елге шақыруға арналған жеңілдетілген бағдарлама тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Германияның ішкі істер министрі Александр Добриндт ресми түрде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұдан былай министрлік не жаңа өтініштерді, не бұрын берілген рұқсаттарды ұзартуды қарастырмайды. Бұған дейін аталған бағдарлама бойынша босқындардың туыстары Германияға келіп, оларға шақырушы жақ медициналық шығындарды өз мойнына алатын еді.
Берлин сенатының қаржы жөніндегі сенаторы Штефан Эверс те бұл шешімді қолдады. Ол елдегі босқындарға кететін шығындарды қысқарту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекет босқындармен байланысты міндеттемелердің едәуір бөлігін өз есебінен орындауға мәжбүр.
Шектеулердің басты себебі – қаржылық кепілдіктердің шектеулі мерзімі. Германияда босқындарды шақырған туыстары олардың шығындарын тек 5 жыл бойы көтере алады. Осы мерзім өткен соң, олардың барлық әлеуметтік және тұрмыстық қамтамасыз етілуі мемлекеттік бюджетке жүктелуі мүмкін. Бұл – федералдық үкімет үшін ұзақмерзімді қаржылық тәуекел саналады.
Сарапшылардың пікірінше, ел билігі енді әлеуметтік саясат пен қауіпсіздік мүддесі арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысып жатқанын айтады.