Қазақстанда биылдан бастап университеттердің ұлттық рейтингі жарияланады. Тізімге ілінбеген және талаптарға сай емес жоғары оқу орындары мемлекеттік қаржыландырудан толық қағылады. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, сапасыз білім беретін университеттерді оңтайландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін Ақтөбе, Шымкент және Атырау қалаларындағы бірқатар оқу орындарының лицензиясы жойылған болатын.
«Болашақ» бағдарламасы: Депутат бюджет қаржысын негізсіз жұмсағандардың есімдерін жариялауды талап етті
Жаңа заңнамалық талаптар бойынша, енді мемлекеттік тапсырыс пен гранттарды бөлу тікелей ұлттық рейтинг нәтижелеріне байланысты болады. Саясат Нұрбек қаржыландыруды тоқтатудың нақты критерийлерін атап өтті:
Рейтингке ілікпеген оқу орындары; Халықаралық форматта жұмыс істемейтін ЖОО-лар; Зертхана құруға және ғылымға инвестиция құймайтын университеттер.«Осы өзгерістерге жекеменшік университеттер үреймен қарайды. Бірақ біз осындай қадамға бардық. Рейтингке ілікпеген университеттерге қаржыландыру мүлдем тоқтатылады. Бұл — нарықтық ұстанымдарды қалыптастырудың жолы», деді министр.
Министрдің айтуынша, рейтинг мәліметтері талапкерлер мен ата-аналар арасында кеңінен таратылады. Бұл – мамандық таңдау кезінде қателеспеуге және мемлекеттік гранттың тек үздік оқу орындарына берілуін қамтамасыз етуге бағытталған шара. Былтыр пилоттық режимде өткен рейтинг биыл алғаш рет ресми түрде жарияланбақ.
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған