• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Шымкентте 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған

20 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.

2023–2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған.Мұндай «қызметтің» құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.Осы топ арқылы кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан.Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынған.Іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылып, материалдар сотқа жолданған.