• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Шілде, 2025

Әрбір төртінші қазақстандық ЛГБТ насихатын қауіпті деп санайды – «Стратегия» қоғамдық қоры

40 рет
көрсетілді

«Стратегия» қоғамдық қоры Қазақстандағы отбасылардың ЛГБТ қауымдастығына деген көзқарасына зерттеу жүргізді. 2,5 мың респондент қатысқан сауалнамада әр оныншы азаматтың жетеуі ЛГБТ-ны ел таным-түсінігіне жат екенін айтқан, деп жазады Egemen.kz.

Зерттеу жаһандық коммуникация құралдары арқылы қоғамымызға жат идеялық құрылымдардың, бейнелер мен нышандардың белсенді түрде байқалып жатқанына қарамастан, қоғам әлі де дәстүрлі отбасы үрдістерін ұстанатынын айғақтады. Осылайша, респонденттердің 77,2%-ы әйелдер мен ерлер арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі қоғамның моральдық негіздеріне қайшы келмеуі керек деген пікірді алға тартқан.10 респонденттің 7-і ЛГБТ насихатының өскелең ұрпаққа қауіпті деп таныған. Сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші адам жат көзқарас қауіптілігінің жоғары деңгейде екеніне назар аударған.«Стратегия» қоғамдық қорының өкілі О.Симакова ЛГБТ-ға тыйым салу туралы бастамалардың қоғам тарапынан қолдау тауып отырғаны, халықтың қауіптің алдын алуға қаншалықты мүдделі екенін аңғартатынын атап өтті.