• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Тамыз, 2025

Қазақстандық екі төреші үстел теннисінен халықаралық іріктеуге қатысады

60 рет
көрсетілді

Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) төрешілер комитетінің хабарлауынша жас төрешілерге арналған жаңа жоба басталды. Үміткерлер – Сенегалдың Дакар қаласында жасөспірімдер арасында 2026 жылы өтетін Олимпиада ойындарына төреші ретінде қатысуға іріктеледі, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше іріктеу екі кезеңнен тұрады:

I кезең (2025 жылғы тамыз-желтоқсан): ITTF сарапшыларының жетекшілігімен онлайн тәлімгерлік, қажетті білім-дағдыларды меңгеру.

II кезең (2026 жылғы қаңтар-тамыз): онлайн семинарлар, жобаларды бағалау және нақты жағдайдағы тәжірибелер.

2026 жылғы қазан айында Дакар қаласында қорытынды оқыту өткізілмек.

Қазақстан үстел теннисі федерациясы ITTF талаптарына сәйкесетін екі үміткерді ұсынған, олар – халықаралық санаттағы төреші Дильназ Жалалдин (Алматы) және арбитр Артём Орел (Қарағанды).