• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Нағыз жанкүйерлер

30 рет
көрсетілді

2004 жылы Берлиннің «Унион» футбол клубы 4-дивизионға қатысу жарнасын төлеуге жеткілікті қаржы таба алмады. Сол кезде клубтың жанкүйерлері қан тапсыру акциясын ұйымдастырып, қажетті 1,5 млн еуроны жинап берді.

Арада төрт жыл өткенде «Унион» та­ғы да тығырыққа тірелді. Нақтырақ айт­қан­да, клубтың «Ан дер Аль­тен Фёрс­терай» ­стадионын қайта жөндеу қажет болды, ­бірақ осы жолы да ақша мәсе­лесі адымды аштырмай қойды. Сол кез­де екі мыңнан астам жанкүйер құры­лыс жұ­мыстарына өздері тікелей атсалы­сып, тегін жұмыс істеп, стадионды өз қол­­­да­­­ры­­­мен жа­ңар­тып шықты. Осылайша, «Унион» футбол клубы­ның жанкүйерлері сүйік­­ті клубын тек трибунадан қолдаумен шектелмей, нағыз жанашырлықтың үлгісін көрсетті.