• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Кеше

Елімізде 12 заманауи перинаталдық орталық салынады

80 рет
көрсетілді

Қазақстанда ана мен бала өлімінің деңгейі төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Былтыр ана өлімінің деңгейі 12%-ға, нәресте өлімінің деңгейі 11%-ға төмендеген. Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ана өлімінің деңгейі 10%-ға, нәресте өлімінің деңгейі 26%-ға азайған.

Министр бұл көрсеткіштерге ДДСҰ мен ЮНИСЕФ-тің халықаралық ұсынымдарына негізделген медициналық көмек көрсетудегі жаңа тәсілдерді енгізу нәтижесінде қол жеткізілгенін айтты. Соның ішінде, елімізде акушерия саласында 25 және педиатрия бойынша 20 клиникалық хаттамалар жаңартылған.Сондай-ақ, босанғаннан кейінгі қан кетулердің алдын алудың жаңа әдістері енгізілгене. Соның нәтижесінде биыл ағзаларды сақтап қалу операциялары 20%-ға артқан.

Медициналық авиация желісі бойынша дер кезінде және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету шаралары ауыр жағдайдағы әйелдер мен балалардың 96%-ын құтқарып қалуға мүмкіндік берген.Одан бөлек өткен жылдан бастап босандыру және балаларға арналған ұйымдардың медициналық техникамен жабдықталуы 87%-ға дейін жақсарып, тозу көрсеткіші 37%-ға дейін төмендеген. 

Ал биыл елімізде 12 заманауи перинаталдық орталықты салу жоспарланған. Жаңа нысандар Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Қарағанды, Қаскелең, Қостанай, Қызылорда, Орал қалаларында және Түркістан облысының Темірлан ауылында бой көтереді.