• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Кеше

Ана мен бала өлімі төмендеген

70 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ана мен бала өлімін азайту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуді денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды басымдығы ретінде айқындап берді. Бұл өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне әсер етеді. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Әрине, бұл – медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижесі», деді Олжас Бектенов.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 6 айында ана өлімі деңгейі 10%-ға, нәресте өлімі 26,3%-ға төмендеген.

Премьер-министр өлім-жітім деңгейін одан әрі төмендету жөнінде бірқатар тапсырма берді.