Ұзақ жолдарға шығатын ұзын фураларды жүргізетіндердің денсаулығы бекем тексерілген болуы керек қой. Шетелдік компаниялар мұндайға мұқият болады деп жүрсек олар да жаңсақтық жібереді екен, деп жазады Egemen.kz.
Жуырда Көкшетауға ауылшаруашылығы техникаларын тасымалдайтын шетелдік жүргізуші соған көз жеткізді. 67 жастағы ол рульде отырып есінен танып қалған.
Абырой болғанда Renault маркалы ауыр фура ештеңеге соғылмай жолдан түсіп, қалың ағаш арасына қойып кеткен. Мұны өтіп бара жатқан жүргіншілер көріп, полицияға хабарлаған. ЖКО «Көкшетау – Рузаев» тасжолының 141-шақырымында болған. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерлан Данкин мен Нұрлан Қожахметов жүргізушіге жедел жәрдем шақырып, ауруханаға аттандырып, жүктің де иелерін тауып, көлікті тапсырған.
Солтүстік Қазақстан облысы