Тамыз таңында Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық паркінде еске алу рәсімі өтті. Ел мен әлем өкілдері үнсіздікпен құрбан болғандардың рухына тағзым етті, деп жазады Egemen.kz.
Іс-шараға жапон премьер-министрі Сигэру Исиба мен шетелдік делегациялар қатысты. Қала әкімі Кадзуми Мацуи: «Жапония – соғыс кезінде атом қаруынан жапа шеккен жалғыз ел. Бірақ біз шынайы бейбітшілікке ұмтыламыз», деді.
Ресми деректерге сүйенсек, Хиросима-Нагасаики оқиғасынан 200 мыңнан астам опат болды. Одан көбі радиациялық аурулардан көз жұмды.