• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:52

Қазақстанда кәсіби мерекелер тізімі жаңартылды

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды. Тиісті түзетулерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді.

Жаңартылған тізімге бес жаңа кәсіби мереке кіреді:

Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде; Табиғи монополия қызметкерлерінің күні – 9 шілде; Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні – 15 қыркүйек; Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің күні – 20 қазан; Қазақстанның Кәсіпкерлер күні – 29 қазан.

Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, энергетиктер күнін мерекелеу күні 22 желтоқсанға ауыстырылды.